Қант диабеті бар павлодарлықтарға мерекелік ас мәзіріне мұқият қарау ұсынылды
Ол Жаңа жылды қуанышпен тойлау үшін бірқатар нұсқауларды орындауға кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эндокринологы Елена Дудоладова қант диабетімен ауыратын науқастар өзінің денсаулығына зиян тигізбей, мерекені қалай жақсы қарсы алуға болатынын айтты.
– Жаңа жылда дастархан тамақ пен сусындарға толы, мол болады. Сондықтан қант диабетімен ауыратын адамдар асқынуларды болдырмау үшін жылдам көмірсуларға бай тағамдар – торт пен кәмпиттерді жеуге кеңес берілмейді, – деді Елена Дудоладова.
Тәттілерді гликемиялық индексі төмен тағамдармен алмастыруға болады. Ақуыз тағамдарына таңдау бергені дұрыс: балық, тауық, күркетауық, майсыз ет.
– Ақуыз ұзақ уақыт қанықтыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қандағы глюкоза деңгейін тұрақтандырады. Қант мөлшері аз көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыныңыз: брокколи, шпинат, қияр, алма, цитрус жемістері,– деді павлодарлық кардиоорталықтың эндокринолог дәрігері.– Зәйтүн майы, авокадо, жаңғақтар сияқты пайдалы майларды қолданыңыз. Майлы ет тағамдары мен майонез қосылған салаттарынан аулақ болыңыз.
Оның сөзінше, алкоголь ішкісі келетіндер үшін тәтті коктейльдер мен ликердің орнына құрғақ шараптарды немесе шампанды таңдауға болады.
– Алкоголь қандағы глюкоза деңгейіне әсер етуі мүмкін, оны ішер алдында дәрігермен кеңесу керек,– деді Елена Дудоладова.
Дәрігер қант деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермеу үшін тамақты кішкентай бөліктермен жеп, тамақты бірден тауыспауды ұсынады.
– Алкогольді немесе сіз үшін әдеттен тыс тағамдарды тұтынуды жоспарласаңыз, қандағы глюкозаны үнемі өлшеп отырыңыз. Ал мерекеден кейін ашық ауада серуендеу қандағы глюкозаны төмендетуге және жалпы әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі. Достарыңызбен және отбасыңызбен белсенді ойындар немесе билер ұйымдастырыңыз. Бұл – калорияларды жағудың және көңіл күйді көтерудің тамаша тәсілі, – деп атап өтті дәрігер.
Оның айтуынша, стресс пен жағымсыз эмоциялардан аулақ болуға тырысу керек.
– Жаңа жыл – бұл қуаныш пен жақын адамдармен қарым-қатынас уақыты. Сізге жеткілікті болатын уақыт аралығында ұйықтаңыз. Ұйқының болмауы қандағы глюкоза деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін, – деп атап өтті ол.
Мерекелік мәзірді алдын ала ойластырып, дұрыс тағамдарды таңдау өте маңызды. Себебі бұл күтпеген жағдайларды болдырмауға және тамақтануды бақылауға көмектеседі. Қант диабетіне шалдыққан адам инсулин немесе басқа да қажетті дәрі-дәрмек терең қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу керек.