Павлодар облысында тұмауға қарсы маусымдық вакцинация жүргізілуде
Өңірге ресейлік 90 мың вакцина жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, созылмалы аурулары бар ересектер тегін вакцина алады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубайдың айтуынша, тұрғындардан бөлек, медицина қызметкерлері инфекцияға қарсы белсенді вакцинациялануда. 73 жастағы павлодарлық тұрғын Виктор Молодкин жұбайымен бірге соңғы он жыл ішінде үнемі екпе алуға келеді.
– Осындай жасқа келгенде жиі ауырып, иммунитет әлсірейді. Тұмаудың алдын алу үшін біз вакцина аламыз,– деді Виктор Молодкин.
Дәрігерлердің айтуынша, вакцина алған адамның бірнеше күннен кейін мұрын бітелуі мүмкін. Алайда бұл симптомдар тез өтеді.