Павлодар облысында Жаңа жыл тойлау қарсаңында шоколадтың құны өсуі мүмкін
Тәттінің бағасы 66-шы ай қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz. сарапшыларының ақпаратынша, елімізде шоколад бағасы бір жылда бірден 18 пайызға қымбаттады. Жаңа жылға қарай бағаның өсуі жеделдеуі мүмкін.
Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа жылды тойлау кезінде әсіресе танымал шоколадтың құны бір айда 1,1 пайызға өсті. Қыркүйек айында шоколад 1,4 пайызға, ал өткен жылдың қазан айында 0,5 пайызға қымбаттады. Ағымдағы жылы бағаның ең елеулі өсуі сәуір айында байқалды.
Елімізде бір жыл ішінде шоколад елдің барлық аймақтарында қымбаттады. Түркістан облысында баға бірден 32,5 пайызға, Жетісу облысында 31,5 пайызға, Абай облысында 21,9 пайызға және Астанада 21,4 пайызға өскен.
– Шоколад ең аз қымбаттаған қалалардың тізімінде үш қала тұр: Атырау – 3,3 пайыз, Павлодар – 4,3 пайыз және Ақмола – 5,8 пайыз, – дейді сарапшылар.
Сарапшылар еліміздегі шоколадтың құны көбінесе әлемдік конъюнктураға байланысты екенін айтты. 2024 жылғы қаңтар–тамызда құрамында какао бар шоколад пен тамақ өнімдерінің тікелей импорты 49,2 мың тоннаны құраған. Ресей оның 69,6 пайыз бөлігін жеткізсе, Украина 4,6 миилион тонна, Түркия 4,2 миилион тоннаны және Германия 1,8 миилион тоннаны жеткізеді.
Болжам бойынша шоколад бағасы одан да қымбаттауы мүмкін. Себебі какао өндіретін елдегі какао бұршақтарын жинау маусымындағы қолайсыз ауа-райына байланысты өнім тапшылығы туындаған.