Екібастұздың тәртіп сақшылары халықпен кездесуде

Екібастұздың тәртіп сақшылары халықпен кездесуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Адамдарға алаяқтық пен ұрлықтың алдын алу бойынша учаскелік визиткалар мен профилактикалық брошюралар таратылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов Шідерті кентінің тұрғындарымен жиын өткізді, оған зейнеткерлер, ұйымдардың, жергілікті атқарушы органның өкілдері, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. 

Ауыл тұрғындары көп сұрақтар қойды. Мәселелердің ауқымы кең, иесіз жайылып жүрген малдар, үй жануарларын серуендету, қараусыз жайылып жүрген малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары, кентті абаттандыру ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді.

Заңнамалық нормаларды түсіндіру көбінесе мәселелерді шешудің жолдарын табуға көмектеседі. Учаскелік полиция инспекторлары тобының  қызметкерлері өз кезегінде қызмет көрсетілетін учаскедегі жағдай туралы қажетті түсінік алады, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушыларды бақылауға енгізеді. Қорғаныс ұйғарымдары, адамдардың мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шығарылады, – деп атап өтті Төлеген Құдайбергенов. 

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бүгінгі таңда ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі. Көбісі олар «Банктен келіп түскен қоңыраулар» туралы айтты, бүгінде ауыл тұрғындары қауіп туралы біледі, барлығы желілік алаяқтардың айла-амалдарына тап бола бермейді. 

Осындай жиындарды өткізу жалғасады.