Павлодар облысында алимент төлемегендер 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Павлодар облысында алимент төлемегендер 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды
Фото: Константин Шелков

Өңірде алимент бойынша қарыздар саны жарты миллиардтан асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Саменқұлов мәлім етті. 

– ҚР ҚК-нің 139-бабымен 16 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды, оларға қатысты сот үкімдері бар. Сот оларға қатысты бір жылға еркін жүруіне шектеу қою түрінде шешім шығарды және 100 сағат қоғамдық жұмыс тартылады, – дейді Айдын Саменқұлов.

Спикердік айтуынша, облыста алимент бойынша ортақ қарыз сомасы – 650 369 224 теңге. Ал өндірілген қарыз сомасы – 243 460 105 теңгені құрайды. Бүгінгі таңға дейін жыл басынан бері 8 бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырып, 136 борышкерді жұмыспен қамтылған. 

Павлодар облысында алимент бойынша ортақ қарыз сомасы – 650 369 224 теңге. Ал өндірілген қарыз сомасы – 243 460 105 теңгені құрайды. Бүгінгі таңға дейін жыл басынан бері 8 бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырып, 136 борышкерді жұмыспен қамтамасыз еттік. 

Мамыр айында Ақсу қаласында алимент бойынша ортақ қарыз соммасы 250 миллион теңгеден асқан болатын. Осы уақыт аралығында 30 милион теңгеге жуық сома өндірілді. Ал облыс бойынша мамыр айынан бері алимент бойынша өндірілген қарыз соммасы 100 миллион теңгеден асады.