Павлодар облысында қандай себептермен балаларға екпе салдырмайды?
Қызылша мен көкжөтелге шалдыққан 612 науқас тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев екпеден бас тарту ұжымдық иммунитетті төмендетіп, вирус өзінің құнарлы жерін табатынын атап өтті.
– Эпидемиологтар екпеден бас тартуға байланысты вакцинамен алдын алуға болатын аурулардың көбейгенін айтуда. Көпшілігі жеке сеніміне, вакцинаға деген сенімсіздікке және діни себептерге байланысты бас тартады. Ал бұрын, керісінше, діни уәждер басым болатын, – дейді спикер.
Эпидемиолог статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел ауруының артуы байқалады. Барлығы 41 оқиға тіркелген. 2023 жылы көкжөтелдің 30 жағдайы тіркелді, 2022 жылы бір де бір жағдай болмаған.
– 2024 жылдың өткен кезеңінде қызылшамен ауырған 1008 науқас тіркелді. Науқастардың жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, 14 жасқа дейінгі балалар – 68,8 пайыз, жасөспірімдер – 5,7 пайыз, ересектер 25,4 пайызды құрайды, – деді Батырбек Әлиев.
Географиялық тұрғыдан алғанда облыс бойынша жалпы аурудың 50 пайызы – Павлодарда, 313 жағдай – Ақсуда, 328 жағдай – Екібастұзда. Ауылдық елді мекендер арасында ең жоғары ауру Баянауыл ауданында тіркелген – 62 жағдай.
Мәселені шешу үшін 1 ақпаннан бастап облыста көкжөтел, дифтерия, сіреспе, хиб-инфекциясы және полиомиелитке қарсы қайталама иммундау жүргізілуде.
Спикердің айтуынша, бас тартушылармен эпидемиологиялық комиссиялардың қызметкерлері жұмыс істейді, әңгімелер жүргізеді. Ата-аналарды өз ойларын өзгертуге және баланы жоспарлы вакцинацияға әкелуге көндірген жағдайлар болған.