28 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

28 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады.

Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде -2..-3 градус салқын, күндіз + 8..+13 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын жауады. Сынап бағанасы түнде 0..-2, күндіз + 9..+11 градус көрсетеді.