Павлодар облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды

Жол ортасында қалып қойған көлік шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы қарлы боранда «Тойота» маркалы автокөлігі жолаушылармен бірге тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.
ТЖД қызметкерлері дереу көмекке шығып, алты азаматты құтқарып, қар құрсауынан автокөлікті алып шықты.
Азаматтар Шідерті кентінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады.
Облыстық ТЖД тұрғындарға ауа райының нашарлауына байланысты сапарлардан бас тартуды ұсынады.