Екібастұзда стадион аумағы абаттандырылады

Нысан көпсалалы лицейдің артында орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин әріптестерімен қаланы абаттандыру мәселелері бойынша жұмыс сапарларын жалғастыруда.
– Бірнеше рет қала тұрғындары көпсалалы лицейдің артындағы стадионның аумағын абаттандыру туралы өтініш білдірді. Бұл учаске ерекше назар аударуды қажет ететінімен келісемін. Алаң футбол және Street workout алаңын орнатуға, баскетбол алаңын жаңартуға мүмкіндік береді, – деп жазды Аян Бейсекин instagram парақшасында.
Қала әкімі білім және ТКШ бөлімінің басшыларына жоспар әзірлеп, қысқа мерзімде ұсыныстар енгізуді, ТКШ бөліміне жиектерді ауыстыруды, сондай-ақ асфальт төсеу кезінде аула аумақтарына кіреберістерді жөндеуді ескеруді тапсырды.