Павлодар облысында құрғақшылық бойынша неліктен төтенше жағдай жарияланбады?
Шаруа қожалықтары әкімдіктен төтенше жағдайды жариялауды өтінген еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қойылған сұраққа жауап берді.
– Бүкіл фермерлермен кездесу өткіздім. Олар алған несиелерінің мерзімін қайта ұзарту үшін төтенше жағдай жариялауды сұраған еді. Біз өңірдегі 95 шарушылықтың мәселесін өз қолымызға алып, қаржы институттармен толықтай жұмыстарды атқарудамыз,– дейді Асайын Байханов.
Айта кету ерек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясындағы14-нің бағасы орташа республикалық бағадан төмен, ал, 9 позиция бойынша облыс ең төмен бағамен ТОП-5 өңірге кіреді.
Еске сала кетейік, жазда орын алған құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға жеңілдіктер мен көмек көрсетілген еді. Шаруалардың мал азығын дайындауға кететін шығынын азайту үшін жергілікті бюджеттен үш миллиард теңге бөлінді. 1,5 мыңнан астам мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар мемлекеттік қолдауға ие болды.