Павлодар облысында Қарағандыға шыққан жолаушылар қар құрсауынан шығарылды

Павлодар облысында Қарағандыға шыққан жолаушылар қар құрсауынан шығарылды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оларға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 07.52-де Баянауыл ауданында Құндыкөл ауылынан бес шақырым жерде аудандық автожолда екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалған.

ТЖД қызметкерлері көмекке шығып, «Hyundai Elantra» және «Toyota Alphard»  маркалы екі жеңіл автокөлікті шығарды. Көлікте алты жолаушы, оның ішінде екі бала болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Жолаушылар қызметкерлерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, Қарағанды облысына қарай жолын жалғастырды.