Павлодарлық тұрғын ұрланған көлікте қаза тапты

Павлодарлық тұрғын ұрланған көлікте қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция тергеу бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13 шілде күні ер адам Mercedes-Benz көлігін айдап әкетіп, Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында LADA Granta және Hyundai Tucson көліктерімен соқтығысқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде мәлім етті.

Апат салдарынан ұры ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Жедел жәрдемнің үш бригадасының қызметкерлері тағы төрт зардап шеккен адамның жағдайын тексерді. Тоғыз жасар қыз облыстық балалар ауруханасына, 30 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. 65 жастағы әйел мен үш жасар бүлдіршін тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Полиция көлік ұрлығы және жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.