Павлодарда суға құлаған ер адам табылды

Павлодарда суға құлаған ер адам табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның денесі оқиға орнынан 25 метр қашықтықта болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖД 112 операторының пультіне ер адам көпірден суға құлады деген хабарлама 30 мамырда сағат 10:25-те түскен.

Құтқарушылар дереу шақырту орнына шығып, Усолка шағын ауданының су айдынына іздеу жұмыстарына кіріскен болатын. 

Іздестіру іс-шаралары барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып кеткен ер адамды тауып, алып шықты. Ол оқиға орнынан 25 метр қашықтық өзен түбінде болған.