Павлодарда екі жеңіл автокөлік соқтығысты

Павлодарда екі жеңіл автокөлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Соққының салдарынан бір көлік трамвай желісіне шығып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 қазанда сағат 13:00-де Назарбаев даңғылы мен Естай көшесінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы екі көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.

Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу ашылып, сараптамалар тағайындалды. 

Көліктер айып тұрағына қойылды.