Павлодар облысында үш жасар сәби болған отбасы жол апатына түсті
Сондай-ақ төрт ересек адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусымда сағат 09:20-да Павлодар қаласы мен Ақтоғай ауылы арасында жол апаты орын алғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен аудандық аурухана шыққан.
– Зардап шеккендердің бесеуі Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар – 31 және 60 жастағы екі ер адам, 58 жастағы әйел, 29 жастағы қыз және үш жасар бала, – деп хабарлады басқармада.
Әйелдердің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады. Оларды облыс орталығына тасымалдау үшін санавиация шақырылған. Ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, амбулаторлық емге жіберілген.