Павлодарлық мектептегі жарылғыш туралы ақпарат расталмады

Мектеп штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала мектептерінің бірінде орнатылған жарылғыш құрылғы туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Еске сала кетейік, бомба салынғаны туралы алғашқы қоңырау № 39 мектепке сағат 10:45-те түсті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектепке келіп, оқушыларды эвакуациялай бастады. Кейін А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицейге, № 6, 29, 17, 18 мектептерге де қоңырау түсті.