Павлодарда балконда кондиционер жанды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11.58-де 112 пультіне Павлов көшесі, 68/2 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісін түтін басқаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына 16 қызметкер, соның ішінде жедел құтқару жасағы мен медициналық апаттар орталығынан төрт техника шықты, – дейді департаментте.
Балконда 0,5 шаршы метр аумақта кондиционер жанғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұтану ошағы жойылды.
Пәтер иесі үйде болған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жөндеу жұмыстары себеп болған.