Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Павлодар облысы әкімінің өкімімен облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы тағайындалды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Әзілхан Әбеуовтың екі жоғары білімі бар. 1995-1999 жылдары Жезқазған университетінде ағылшын және неміс тілдерінің оқытушысы мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2015 жылы Эстония дипломатия мектебін «Халықаралық қатынастар және еуропалық интеграция» мамандығы бойынша тәмамдады.
Мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам еңбек етеді.
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2016 жылдың тамыз айынан бастап Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шарбақты ауданының әкімі болып жұмыс істеді.