Павлодарда көктайғаққа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде
Бұл жұмысқа 200-ден астам адам жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен тротуарларға көктайғаққа қарсы материал шашу және мұздан тазарту бойынша коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде.
– Қазір қала көшелерінде құм шашатын сегіз техника мен 12 жүк көлігі жұмыс істеуде. Сондай-ақ қолмен де инертті материалдар шашу жүзеге асырылуда. 200-ден астам адам жұмылдырылған, – деп жазды Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Іnstagram парақшасында.
Жұмыстар ең алдымен әлеуметтік нысандардың – медициналық мекемелердің, мектептердің, балабақшалардың жанында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамаларында жүргізілуде.