Павлодар облысында азаматтардың жартысынан астамы дауыс берді
Референдумда дауыс берген азаматтардың тізімі жаңартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР ОСК азаматтардың келуі туралы ақпарат жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.
Тізімде 79,87 % көрсеткішпен Қызылорда облысы көш бастайды. Екінші орында Түркістан облысы (74,23 %), ал үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (72,58%) тұр.
Павлодар облысында тізімге енгізілген тұрғындардың 62,51% таңдау жасап үлгерген.
Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де берілетін болады.