16 қыркүйекте Павлодардың бірнеше көшесінде жарық сөнеді

16 қыркүйекте Павлодардың бірнеше көшесінде жарық сөнеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар жер үйде қуат беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Сорокин – Потапов – Ваккер – Баян батыр көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалады.

Радиозавод кентінде электр қуаты екі кезеңмен сөндіріледі: 

  • 9:00-ден 12:00-ге дейін: Б, Г, Д, Е, Ж, И, К, Л өткелдеріндегі жер үйлерде; 
  • 13:00-ден 17:00-ге дейін: А, 1А, 2А, 3А, Б, В, С, Д өткелдеріндегі жер үйлерде.