Аяз азық-түлік базарын тоқтатты: Павлодарда жәрмеңке өтпейді
Өңірдегі аяз бен қолайсыз ауа райы қала тұрғындары үйреніп қалған дәстүрлі сауданың жоспарын өзгертті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған себептерге байланысты 17 қаңтар күніне жоспарланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілмейтін болды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді қайта бастау ауа райы жағдайлары тұрақталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Дәстүрлі апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің нақты өтетін күні туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.