Павлодарда мал шаруашылығына субсидияға өтінімдер қабылданады
Өтінімді онлайн беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы саласында субсидия алу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады. Өтінімдер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 20 қаңтарынан бастап 20 желтоқсанды қоса алғанда жүзеге асырылады. Өтінімдер тек электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, «subsidy.plem.kz» мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасау жолымен қабылданады