Павлодарда бірқатар көшелерде су беру уақытша тоқтатылады

Павлодарда бірқатар көшелерде су беру уақытша тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындардан алдын ала су қорын жинап алу сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні Павлодарда П. Васильев – Желтоқсан және П. Васильев – Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында жапқыш арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 10 маусымда сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша су беру уақытша тоқтатылады:

  • Гагарин көшесі, 22;
  • П. Васильев көшесі, 17, 17/1, 17/2;
  • Мәшһүр Жүсіп көшесінен Ақ Марғұланға дейінгі П. Васильев көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлер;
  • Гагарин көшесінен Ломов көшесіне дейінгі Генерал Дүйсенов көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлер;
  • Гагарин көшесінен Теплов көшесіне дейінгі Кирпичная көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлер;
  • Кирпичная көшесінен Нұркин көшесіне дейінгі Теплов көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлер;
  • П. Васильев — Ақ Марғұлан, П. Васильев — Генерал Дүйсенов, П. Васильев — Желтоқсан көшелеріндегі су бағаналары.

Коммуналдық қызметтер уақытша келтірілетін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.