Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Минин көшесі, 42;
- Украинская көшесі, 97, 98, 101, 104.
Сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін:
- Гагарин көшесі, 77;
- Катаев көшесі, 86;
- Орал көшесі, 35/1;
- Гагарин – Катаев – Амангелді – Н. Назарбаев көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.