Павлодар облысының жас аспаздары бақ сынасты
Аймақта «World Skils Pavlodar-2024» аспаздық ісі бойынша өнірлік чемпионат өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарысқа Павлодар сервис жене тамақтану колледжі, технологиялық колледжі, ИнЕУ жоғары колледжі және Екібастұз политехникалық колледжі студенттері қатысты.
– Қатысушалар 3 модуль бойынша сынға түсті , – дейді технологиялық колледж басшысының өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Алмагүл Нұржанова. – Бұл, салқын тағамдар - оливье салаты, құс етінен жасалған ыстық тағам - киев котлеті және тәтті шу десерті. Әр модуль бойынша белгілі бір критерийлер бар. Яғни, тамақты ұсыну температурасы, ұсынуы, шығармашылығы, сыртқы түрі және дәм сапасы ескеріледі.
Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы, санитарлық киім, шығындар мен қалдықтар, шикізат шығыны, энергия шығыны назарда болады. Қатысушылар уақыт бойынша жұмыс істейді.
Алмагүл Нұржанованың айтуынша, жас аспазшылардың жұмысын төрт сарапшы бағалап, ұпайларын арнайы бағдарламаға қояды. Бағдарлама автоматты түрде ұпайларды санап, жеңімпазды анықтайды. Максималды ұпай 700 және одан жоғары.
–Байқауға өз оқу орнымның лабораториясында оқутышыларыммен бірге дайындалдық, - дейді Екібастұз политехникалық колледжінің үшінші курс студенті Жамиля Тойшықова. - Бірақ жарыста жалғыз, көмексіз тағам дайындау қиын екен. Оған қарамастан нәтижесі жақсы болады деп ойлаймын.
Байқау қорытындысы өңірлік чемпионаттың жабылу салтанатында жарияланады. Жеңімпаздар қараша айында Павлодар облысы атынан республикалық чемпионатқа қатысады.