Павлодарда педагогтерге ChatGPT-дің білімдегі пайдасын түсіндіреді

Павлодарда педагогтерге ChatGPT-дің білімдегі пайдасын түсіндіреді
Фото: pexels.com/Matheus Bertelli

Жетекші мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

23 маусым сағат 10:00-де Естай атындағы мәдениет сарайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи цифрлық технологияларды талқылауға арналған аймақтық педагогикалық фестиваль өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы – Amansultan білім беру платформасы.

Фестиваль бағдарламасында тоғыз жетекші спикердің мазмұнды баяндамалары тыңдалады. Олдардың ішінде EdCrunch Academy AI-тренерлері Айгерім Балғабекова, Аида Абилякимова, Темірбек Сағындықов, Ustart Academy жетекшісі Ескендір Бестай және химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов бар.

Педагогтерге білім беру саласындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері, жасанды интеллекттің енгізудің этикасы мен салдары, нейрожелілер мен ChatGPT-ді педагогикада пайдалану, оқытуды қызықты етіп өткізу тәсілдері, педагогикадағы жасанды интеллект құралдарының тиімді әдістері туралы айтылады.

Фестивальдің арнайы қонақтары – «Орфейлер» музыкалық тобы және кәсіби стендап жүргізушілер

Іс-шараға мыңнан астам педагогтың қатысуы жоспарлануда.