Павлодар облысының жыл айтыскері анықталмақ

Павлодар облысының жыл айтыскері анықталмақ
Фото: Константин Шелков

Қазылар алқасының төрағалығы белгілі айтыскерге берілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында 26 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Жыл айтыскері - 2023» жыр додасы ұйымдастырылмақ. Айтысқа облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. 

Қатысушылар – Мәрес Байрон, Абал Қабдраш, Мизан Жұмәлі, Нұрбек Бәкір, Ерлан Аманқожа, Бөкен Жігер, Гүлшекер Батай, Қайролла Хафиз, Алпысбай Хонж, Оразбек Саяхат. 

Айтыстың қазылар алқасына төрағалық ететін – белгілі айтыскер, ақын, жазушы филология ғылымдарының докторы Серікзат Дүйзенғазин. Жыр додасын Айбек Оралхан жүргізеді.