Imanbek Астанада өтетін беделді киберспорт турнирінің Әнұранына клип түсірді

Ол қазақ мәдениетін бейнелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Танымал қазақстандық Imanbek диджей Winline-мен бірлесіп, Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2025 беделді киберспорт турнирінің ресми Әнұранына айналған Alga Kazakhstan («Алға, Қазақстан!») әніне клип шығарды.

«Грэмми» иегері бейнені Қазақстанның дәстүрлеріне сілтеме жасай отырып, оларды заманауи мәдениетпен және киберспортпен байланыстырды. Imanbek клиптің шын жүректен шыққанын атап өтеді. Бейнебаянның соңында хоббиге қарамастан отбасы мен достар ең басты назарда болып қала беретіні көрсетіледі.

Трек турнир басталмай тұрып шықты және оны барлық танымал сайттарда тыңдауға болады: Spotify, Apple Music, YouTube, «Яндекс.Музыка» және «VK музыкасы». Ән аймақтық чарттарға еніп, ондаған мың тыңдаулар жинады.

Турнирдің плей-офф кезеңі 16-18 мамыр аралығында өтеді. Осы күндері танымал орыс тілді стример Вячеслав «buster» Леонтьев (Twitch-те 4,5 миллион ізбасары бар) және танымал комментатор Игорь «SL4M» Сопов (Twitch-те 428,4 мың ізбасары бар) аренадан тікелей комьюнити-каст жүргізеді. Эфирге басқа орыс тілді стримерлер, сондай-ақ, киберспортшылар қатысады. 

Бұған дейін 14 мамырда әлемдегі алғашқы шоу-матч 10 мың метр биіктікте өтеді деп хабарланған болатын.

PGL Astana 2025 – 10-18 мамыр аралығында Қазақстанда өтетін Counter-Strike 2 маусымының басты киберспорт турнирлерінің бірі. Соңғы кезеңге әлемдік грандтарды қоса алғанда 16 команда қатысады – Team Spirit, NAVI, G2 Esports, Virtus.pro және басқалары. Жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды. Шешуші матчтар бірнеше мың көрерменнің қатысуымен «Барыс Арена» стадионында өтеді.