Павлодарда қала күніне LUINA мен RINGO тобы келеді

Павлодарда қала күніне LUINA мен RINGO тобы келеді

«Ertis Promenade» танымал жұлдыздар бас қосып, павлодарлықтар үшін өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарлауынша, 22 шілдеде қала күніне орай бас сахнада ірі концерт ұйымдастырылады. 

LUINA, «RINGO» тобы, «Ny-Za Band» музыкалық тобы, Серік Мұсалімов сынды қазақстандық әртістер кештің хэдлайнерлері атанады. Сондай-ақ, жас жұлдыздардың ішінде, жастар арасында танымал 27 жастағы Lilli сахнаға шығады. 

Қала күніне арналған концерт «Ertis promenade» төмеңгі жағажайында кешкі сағат 19:00-де басталады. Мерекелік іс-шара 23:00- дейін жалғасатындықтан, тұрғындар үшін арнайы  қоғамдық көлік жүретін уақытын ұзарту жоспарланған.