Павлодарда онколог тегін қабылдау өткізеді

Павлодарда онколог тегін қабылдау өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 9 желтоқсанда сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін асқазан, ұйқы безі және бауыр обырының алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді.

– Барлық ниет білдірушілерді онколог дәрігерден тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз, – деп жазылған хабарламада. 

Мекенжайы: Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы. 

Байланыс телефондары: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.