Павлодар жастарына еріктілік мүмкіндіктері туралы айтылады

Тілек білдірушілер еріктілер қатарын толықтыра алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кездесуді «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.
– Іс-шараның мақсаты – еріктілікті танымал ету және жастар арасында еріктілік мәдениетін дамыту, – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылар еріктіліктің мүмкіндіктері, оның жеке тұлға мен қоғамды дамытудағы рөлі туралы біледі, еріктілердің шынайы оқиғаларымен танысады және тәжірибелі белсенділерге сұрақ қоя алады.
Жастарға еріктілік қызметінің әртүрлі бағыттары, өңірлік және республикалық жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтылады.
Кездесулер 17 қазанда Естай атындағы Мәдениет сарайында үш ағынмен өтеді: сағат 9:30-дан 10:30-ға дейін, 11:30-дан 12:30-ға дейін және 13:30-дан 14:30-ға дейін. Толық ақпаратты 8 (705) 409-19-05 телефоны арқылы білуге болады.