Павлодарда мейрамхана иелеріне жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндірілді

Павлодарда мейрамхана иелеріне жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер жазғы демалыс кезінде еңбек заңнамасын сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалада ювеналды полиция қызметкерлері дәмханалар мен мейрамханалардың әкімшілерімен кездесіп, кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде заң талаптарын сақтау мәселесін талқылады.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге жасөспірімдердің еңбек құқықтары мен жұмыс уақытына қойылатын талаптар түсіндірілді. Атап айтқанда, 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан, ал 16-18 жас аралығындағылар 36 сағаттан артық жұмыс істей алмайды.

Сонымен қатар полицейлер кәмелетке толмағандарды ауыр жұмысқа, түнгі ауысымдарға, сондай-ақ алкоголь мен темекі өнімдерінің айналымына байланысты жұмыстарға тартуға заңмен тыйым салынғанын еске салды.

Кездесу соңында мекеме әкімшілеріне ақпараттық жадынамалар мен түсіндірме материалдары таратылды.

Полицияның мәліметінше, мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге және жұмыс берушілердің заң талаптарын бұзуының алдын алуға бағытталған.