3 шілдеде Павлодар облысында жел күшейіп, күн күркірейді
Желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кейде 23 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +13...+ 18°C, күндіз + 20...+25°C, облыстың батысында + 17°C құрайды.
Жаңбыр, найзағай, батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде + 13...+ 15°C, күндіз + 22...+ 24°C көрсетеді.