Павлодарлықтар маусымның аптап ыстығын мамыр айында сезінеді
Бірақ синоптиктер пәлтелерді жақын ұстауға кеңес береді. Мұның себебін @Pavlodarnews.kz тілшісі анықтады.
Биылғы жылдың мамыры 2001 жылдың көктемінің соңғы айына ұқсайды. Мұндай болжамды «Қазгидромет» филиалының синоптиктері мәлімдеді.
Павлодар облысында орташа есеппен нормадан екі градусқа жылы болады, бірақ айдың басында түнгі үсік әлі де болуы мүмкін. 10-нан бастап түнде ауа температурасы 0...-5 градустан +9...+18 градусқа дейін көтеріле бастайды. Синоптиктер күндіз +27...+32 градусқа дейін ыстық болады деп болжап отыр.
20 мамырға қарай салқындық қайта оралады, бірақ кейін ауа түнде +10...+18, күндіз +28...+33 градусқа дейін бірте-бірте жылынады.
Синоптиктердің айтуынша, бір айда 20-30 миллиметрге дейін жауын-шашын түседі. Бұл деңгей қалыпты. Мамырдың басында және ортасында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, ал 10-да тұман түсуі мүмкін. Ай бойы жел соғады.