Железин ауданында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
Маңызды шараны ұйымдастыруға облыстық мәслихат депутаты септігін тигізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының «Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы «Сен жалғыз емессің» жобасы аясында Башмачин ауылдық округі, Кузьмино ауылының қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларына көмек қолын созды.
Еріктілер олардың өміріне аз да болса жылулық пен қамқорлық әкелеміз деген үмітпен балалар мен аналарға жылы көрпе, күрте, киім және барлық маусымдық аяқ киімдерді сыйға берді.