Павлодарда үш автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Павлодарда үш автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бірнеше көше бойында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 16 маусым күні сағат 21:00-ге дейін Қамзин көшесі бойынша Азов көшесінен КазПравды көшесіне дейінгі қозғалыс жабылды. Осыған байланысты № 1э, 9 және 52 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді. 

№ 1э автобус бағыты Ладожская аялдамасына Н. Назарбаев даңғылы-Ладожская көшелерінің қиылысы арқылы кіріп шығады. 

№ 9 автобус бағыты Қамзин көшесі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жүрген кезде Қамзин – Краснодонская – Катаев – Н. Назарбаев даңғылы және маршрут бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта өтеді.

Ал № 52 автобус бағыты Қамзин көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай жүріп, осы учаскені Қамзин-Краснодонская-Катаева – Н. Назарбаев-Ладожская даңғылы көшелерімен қатынайды. Сол сияқты кері бағытта жүреді.