Павлодарда қай көшелерде жарық болмайды
Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Академик Шөкин көшесі, 1 және Академик Сәтбаев көшесі, 306 мекенжайларында жарық болмайды. Шектеу «Энергетик» шипажайына, стоматологияларға және осы аумақта орналасқан бірқатар коммерциялық нысанға да қатысты.
Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін мына аумақтарда электр энергиясы өшіріледі:
- С. Нұрмағамбетов – Вс. Иванов – Ж. Аймауытов – Кисловодская көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер;
- Я. Геринг – Омбы – С. Нұрмағамбетов – Комсомольская көшелері аумағындағы жеке үйлер;
- Малайсары батыр – Гурьевская – С. Щедрин – Комсомольская көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер;
- Бекмаханов көшесі, 153;
- С. Нұрмағамбетов көшесі, 100/1;
- Қарағанды көшесі, 1;
- Иссык-Кульская көшесі, 2А;
- Елгин көшесі, 23 және 24.
Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Қайырбаев – Желтоқсан – Кривенко – Академик Бектұров көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалады.