Баянауылда қатты желдің салдарынан ауызсу беру уақытша тоқтатылды

Баянауылда қатты желдің салдарынан ауызсу беру уақытша тоқтатылды
Фото: pixabay.com / Didgeman

Қазіргі уақытта тұрғындарға тегін су тасымалы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты жел салдарынан электр желілерінде ақау туындап, соның кесірінен ауызсу беру жүйесінде де үзілістер пайда болған.

– Қазіргі уақытта резервуардағы су деңгейі өте төмен болғандықтан, су беру уақытша тоқтатылды. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігінен су тасымалдайтын көлік жіберіліп, тұрғындарға ауызсу тегін жеткізіліп жатыр. Бүгін сұраныс бойынша су тасымалданады, ал ертең таңертең құбыр жүйесі арқылы су беру жұмыстары жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, ауызсуға қажеттілік туындаған жағдайда ауылдық округ әкімдігіне хабарласуға болады.

Байланыс тұлғасы: Фархат Дәрібай. Тел.: 8 (705) 112-94-94.

Ведомство өкілдері тұрғындарды туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабырлық танытуға шақырады.