Павлодар – Қызылорда автожолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Павлодар – Қызылорда автожолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды және көліктің техникалық жағдайына мұқият болуды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар «Павлодар – Қызылорда» автожолының 1296-шақырымында «КАЖсервис» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол ережелерін қатаң ұстанып, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне дер кезінде назар аудару маңызды.