Павлодар облысында әйел мен екі бала суға батып кетті
Марқұмдар суға батқан көліктен шыға алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 тамызда сағат 22:53-те Павлодар ауылында болған.
- Ертіс өзенінен 43 жастағы әйел мен алты және тоғыз жастағы екі баланың денесі шығарылды. Олар отырған жеңіл көлік өзенге қарай жүріп кеткен. Үшеуі де өздігінен шыға алмаған, - деді құтқарушылар.
Құтқарушылар қаза тапқандарды су астынан бір сағаттан астам уақыт өткенде ғана тапқан.