2 тамызда Павлодар облысында +35°C ыстық болады

2 тамызда Павлодар облысында +35°C ыстық болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 метр болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі 

Қазгидрометтің мәліметінше, 2 тамыз күні облыста аптап ыстық күтіледі . Күндіз ауа температурасы +30...+ 35°C көрсетеді. Облыстың көп бөлігінде аздап жаңбыр жауып, солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күркірейтін болады.

Павлодарда қатты ыстық болады деп болжамдануда. Күндіз сынап бағанасы +33...+ 35°C-ты көрсетеді. Қалада жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Фото: Константин Шелков