Павлодарда 100-ге жуық шәкірт Құранға түсті

Павлодарда 100-ге жуық шәкірт Құранға түсті
Фото: Константин Шелков

Қала мешіттерінің жанынан ашылған әйелдер мен қыздарға арналған сауат ашу курсы шәкірттеріннің Құран әліппесімен қоштасу рухани кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Павлодар облысы «Әйел-қыздар» секторы  ұйымдастырды.  «Құран нұр» атты рухани кездесуге сауат ашу курсының шәкірттері қатысты.

– Осы жолы 97 шәкірт әліппе бітіріп, Құранға түсті, – дейді «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай.

Шараны Мәшһүр Жүсіп мешіті, Ақмешіт мешіті, Омар әл Фарух мешіті, Ақсу мешітінің ұстаздары бірлесіп ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, Құран оқудың маңыздылығы жөнінде уағыз айтып, әліппені бітіріп, Құранға түсуші шәкірттерді марапаттады.

Ұстаздар Құран оқу білім алудың маңыздылығы және «ұстазға – құрмет, шәкіртке – міндет» тақырыптарында уағыз айтты. діни нашидтер мен салауаттарын хормен орындады. Сондай-ақ, ғибаратты әңгімелерді мәнермен жеткізді.

Ақ жаулықта апалар батасын беріп, шәкірттер ризашылықтарын білдірді.