Павлодарда 20 қазанда бірқатар мекенжайда электр қуаты өшіріледі
Электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, осыған байланысты қаладағы бірқатар тұрғын үй, сауда және басқа да нысандарда электр қуаты уақытша ажыратылады.
Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:
- Академик Марғұлан көшесі, 113, 115;
- Исиналиев көшесі, 24;
- Генерал Дүйсенов көшесі, 72, 80, 86, 90, 104, 117, 119, 123;
- Алтай көшесі, 41;
- Литвинов көшесі, 1/3, 1/6, 14/1, 30.
Сондай-ақ Генерал Дүйсенов көшесінің Луначарский мен Естай көшелерінің арасындағы жеке тұрғын үйлерде электр қуаты ажыратылады.
Бұдан бөлек, Целинная, С. Нұрмағамбетов, Минин және Литвинов көшелерімен шектелген аумақтағы, сондай-ақ Алтай, Литвинов, Таллин және Заслонов көшелерінің арасындағы жеке тұрғын үйлер де жоспарлы жөндеу жұмыстарының тізіміне енген.
Сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін:
- Академик Шөкин көшесі, 24, 26;
- Академик Сәтбаев көшесі, 247, 254.