Павлодарда бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі

Павлодарда бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындарынан алдын ала су қорын жинап алуы сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамыр күні Ак. Сәтбаев көшесі, 15 мекенжайында жеке тұлға су құбырын қайта кесу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін бірнеше көшеде су беру уақытша тоқтатылады.

Атап айтқанда, сумен қамту келесі мекенжайларда болмайды:

  • Астана көшесі, 6, 7, 8;
  • Ак. Сәтбаев көшесі, 11, 13 (№51 балабақша), 15, 17, 17/1 («Лингва»), 19, 27, 29, 30, 32, 34, 36, 38;
  • Лермонтов көшесі, 46/1 (№38 балабақша);
  • Торайғыров көшесі, 51, 53, 59, 59/3, 59А, 59Б, 61, 63, 65, 67/1;
  • Генерал Дүйсенов көшесі, 5, 8, 9, 10, 12, 14, 16, 18;
  • Ак. Бектұров көшесі, 18;
  • Едіге би көшесі, 57.