Павлодарда 3 қыркүйекте қай жерлерде жарық болмайды

Павлодарда 3 қыркүйекте қай жерлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайларда электр энергиясы болмайды:

  • Кривенко көшесі, 49 («INMART» супермаркеті);
  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 30 («Арабика & KITTY» сұлулық студиясы, «COMPLIMENT» әйелдер киімі дүкені), 32 («Құлақушы» құлақ тесу студиясы, «Шоумаркет» дүкені), 33 (Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі), 36 (№19 балабақша);

Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Ледовский көшесі, 1-25 мекенжайларында жарық болмайды.

Сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін:

  • Академик Сәтбаев көшесі, 21 («Налив» дүкен-бары, «SMALL» супермаркеті, №5 наубайхана, «Саян» азық-түлік дүкені), 21/1, 25, 25/1 (мемлекеттік сараптама), 27 («ZODIAK» кибер-аренасы, ұялы телефондар дүкені, «Мир инструмента», кеңселер), 29 («ROYAL FLOWERS», «STOCK BRANDS» дүкені, «GARANT Ипотека» консалтингтік компаниясы);
  • Лермонтов көшесі, 46 (ForteBank, «Паритет» ломбарды, «INVIVO» медициналық қызметтер желісі, «Стом Империя» стоматологиялық клиникасы, кеңселер), 46/1 (№38 балабақша), 48 («Айка» азық-түлік дүкені), 50 (оқу-өндірістік комбинат, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы).