Павлодарда жылыту маусымы басталды

Қала әкімдігі қаулыға қол қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйектен бастап ауруханалар, мектептер, балабақшалар сияқты әлеуметтік мекемелерге жылу беріледі.
Мамандардың айтуынша, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу кейінірек жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес, тұрғын үй қорына жылу беру үшін сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы бес күн қатарынан +8 °C немесе одан төмен болуы қажет.