Павлодарда 500-ден астам ата-ана жасөспірімнің түнгі демалысы үшін жазаланды

Павлодарда 500-ден астам ата-ана жасөспірімнің түнгі демалысы үшін жазаланды
Фото Константин Шелков

Кәмелетке толмағандар рұқсат етілмеген уақытта жалғыз қыдырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Мәселен, Бектұров көшесіндегі компьютерлік клубтардың бірінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің қатысынсыз сағат 22:00-ден кейін мекемеге кіруіне рұқсат еткенін анықтады. 

- Балалар түнгі уақытта компьютерлік клубтарға баруы да өзекті. Бұл кейде отбасында жанжал тудырады. Ата-аналар жібермейді, ал балалар клубқа бару үшін сылтау іздейді. Кәмелетке толмаған баланы түнде ұстаған кезде оны полиция бөлімшесіне жеткізеді, содан кейін жеке басын анықтайды және ата-анасына хабарлайды. Кәмелетке толмағанның ата - анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта мекемеде болуына жол бергені үшін түнгі мекеме иелері мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады, - деді Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Гауһар Рахымғожина.

Айта кетейік, ағымдағы жылы облыс бойынша көңіл көтеру және ойын-сауық орындарының 27 иесі және 501 ата-ана кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жалғыз үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.