Екібастұздық тұрғын алаяқтан ақшасын қайтарып алды

Ол оған көмек еткен тәртіп сақшысына алғысын білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екібастұздық тұрғын қалалық полиция бөлімшесінің аға тергеушісіне келісілген және жедел жұмысы үшін алғысын білдірген.
Тәртіп сақшысы өткен жылы болған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу арқасында арызданушыға келтірілген барлық залал өтелген.
– Екібастұз қаласы полиция бөлімшесінің аға тергеушісі Темірлан Оспановқа менің арызым бойынша тергеу жүргізу кезінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің барлық талаптарына сәйкес мұқият және уақытылы жұмыс істегені үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді, соның арқасында істің толық қолайлы аяқталуына қол жеткіздім, – деп жазды өз хатында қала тұрғыны.
Ол құқық қорғау органдарына алғаш рет жүгінген әрі қызметкердің жұмысына риза болған.