Павлодар облысында гранттар алуға өтінімдерді қабылдау кейінге шегерілді
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша ақпарат ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, елдегі су тасқынына орай туындаған күрделі ахуалға байланысты үміткерлерден жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың бірінші легінің мерзімі кейінге шегерілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 2024 жылы республика көлемінде тоғыз мың грант беру жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Business.enbek.kz порталында 8 сәуірден бастап бірінші лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталу керек болатын.